
АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Психологиялық қызмет жүргізілген жұмыстар./📅 15 мамыр күні №30 Қазақ орта мектебінде ата-аналар жиналысы өтті. 🧩 Тақырып: «Жауапты ата-ана – бақытты бала» Күн тәртібінде: 🔹 Қауіпсіз мамыр 🔹 Қауіпсіз терезе 🔹 Ата-ананың рөлі мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілік 🎤 Жиналыста жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларына (жолда жүру, суға шомылу, терезе қауіпсіздігі) арнайы тоқталып, маңызды ескертулер мен кеңестер берілді. Жиынға арнайы қонақ ретінде “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі, магистр, психодрама терапевт Жасжанова Медеухан Тобышовна қатысты. Медеухан Тобышевна 🌿 «Бала амандығы – ата-ананың ішкі тепе-теңдігіне тәуелді» тақырыбында терең әрі пайдалы ақпаратпен бөлісті. 🧘♀️ Психологиялық тыныс алу және күйзелісті жеңілдету техникаларын көрсетіп, ата-аналарға практикалық кеңестер берді.