АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Шебер кластар/024 жылдың 17 қазан күні #30 ОМ-де “BILIM KAZYNA” КММ жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. А Габдешеваның “Сабақта табысқа жетудің жолдары “ тақырыбындағы шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы өтті. Шеберхана отырысы “BILIM KAZYNA” КММ әдіскері Б.Т.Ералинаның алғы сөзімен басталып, “Қызылжар” ОМ қазақ тілімен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Т.Сенгалиева әріптестер арасында ынтымақтастық ахуалды орнықтыру мақсатында өткізілген “Таңғы шәй” тренингімен жалғасты. Шеберхананың теориялық бөлімін #10 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Ш.Копанова “Жасанды интеллект мүмкіндіктерін қазақ тіл сабақтарында қолдану” тақырыбында ЖИ түрлері Prero.ai, GPT, Suno платформаларымен жұмыс жасау түрлерін көрсетті. Әрі қарай практикалық бөлім шеберхана мүшелеріне “Қызылжар” ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі Т.Т.Сенгалиева “Бала би мен Сырым” тақырыбындағы панорамалық сабағы “Focusky” сайт арқылы көрсетілді. Практикалық бөлім әрі қарай #30 ОМ-нің мұғалімдері А.А.Габдешева, И.Е.Елубай “Эссе жазуға пайдалы кеңестер” атты лайфхактарымен өрбіді. Практикалық бөлімнің соңы “Мұғалім” драмасымен жалғасты. Отырыстың рефлексиясын “Алты қалпақ” әдісі арқылы Ж.Ш.Копанова жүргізді. Шығармашылық шеберхананың соңын “BILIM KAZYNA” КММ әдіскері Б.Т.Ералина қорытындылап, оң бағасын берді. Жұмыс мақсатына жетті.