
АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Тарих және жаратылыстану пәндері бірлестігі/2.12.2024. География пәнінің мұғалімі А.О.Кенжебаева 8 “Б” класында “Биосфера және оның құрамдас бөліктері” тақырыбымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Жер шарының табиғат зоналарының климаты, фаунасы, флорасының ерекшеліктерін ашу, ұғындыру. Табиғат зоналарындағы табиғаты мен халықтың тұрмыстық жағдайға бейімделуін функционалдық сауаттылық тапсырмалары арқылы түсіну. Сабақ барысында білім алушылар ортаға өз пікірлерін еркін салып, географиялық картамен жұмыс жасады. Пәнге қызығушылығы қалыптасқандығын білім алушылардың белсенділігінен және пән мұғалімінің сабақты мазмұнды, жүйелі, қызықты өткізетіндігі байқалды. Сабақ мақсатына жетті.