
АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі/20 қаңтар «Тіл мен әдебиет — тәрбиенің қос қанаты» атты ҚТӘ бірлестігі апталығының “Әдебиет — асыл мұратпен кіруге болатын зәулім сарай” тақырыбында ашылу салтанаты өтті. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Және де мектеп файесі, мәжіліс залы талапқа сай безендірілген болатын. Апталықтың ашылу салтанатына бірлестік мұғалімдері жауапты болып, ауызбіршілікпен әдемі өткізді. Мұғалімдерге мектептің оқу процесінен әртүрлі, қызықты сұрақтар жасырылып, кофе-time ұйымдастырылған болатын. Ұстаздар қызығушылықпен жауап бере білді. Домбырашылар шеруі, көсемсөз шеберлерінің мәнерлеп оқуы, патриоттық әндер, драмалық қойылымдар бірізді, мағыналы үйлесім таба білді.