
АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Шебер кластар/2025 жылдың 27 қаңтар күні қалалық “BILIM QAZUNA” КММ жоспарына сәйкес “№30 қазақ орта мектебі” КММ- де көркем еңбек пәні мұғалімі А.М.Медетованың “АКТ және ЖИ құралдарын көркем еңбек сабақтарында қолдану” атты шығармашылық шеберханасының №1 отырысы өтті. Мақсаты: АКТ және ЖИ технологияларын қолдана отырып, білім алушылардың шығармашылық жобаларды жүзеге асыру дағдыларын дамыту. Шеберхананы “№30 қазақ орта мектебі” КММ директоры Амитжанова Индира Базаралиевна ашты. Шеберхананың жетекшісі #30 орта мектебінің көркем еңбек мұғалімі Медетова Айгуль Мустанаевна “Canva” қосымшасының мүмкіндіктері, “Classroomscreen” онлайн тақтасы, “Quiver”, “Merge Cubе” 3d анимациялық қосымшасы және 3D голограммамен жұмыс жасау ерекшеліктерімен таныстырды. Шеберхана мүшелері отырыс барасында тәжірибе алысып, “Mentimetr” қосымшасымен кері байланыс жасады.