
АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жас мамандар мектебі/2025 жылдың 8 сәуір күні «Қарлығаш» ЖҰМ-нің жас мамандары арасында «Үздік жас маман – 2025» атты мектепішілік байқауы басталды. Мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру, өз қабілеттерін көрсету, тәжірибе алмасу, жаңа әдістемелерді қолдану, жаңашыл идеяларды ұсыну. Бүгін байқаудың «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» өзін-өзі таныстыру 1-кезеңінде 7 жас маман бақ сынасты. Әр жас маман өзін, пәнін, өмірлік ұстанымын қысқаша, көркем тілмен, шығармашылық элементтермен: бейнеролик, өлең, ән, комикс, презентация, сахналық көрініс арқылы таныстырды. Қатысушыларға сәттілік!