22.11.2023 күні 9 “Ә” класында қазақ әдебиеті пәнінен Габдешева А.А “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны” тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақ әр топтың ұран өлеңімен басталып, “Болжау” әдісі арқылы сабақ тақырыбы анықталып, мақсатымен таныстырылды. “Тарихыңды таны” айдары арқылы Махамбет шығармаларын зерделеу, “Түйінді сөз” айдарында ізденіс жұмыстары жүргізіліп, оқушылар шығарма мазмұнына талдау жасады, көріктеу құралдарын тапты. “Талапты ерге нұр жауар” бөлімінде оқушы ақын шығармасынан “Жұмыр қылыш” күйін орындауы сабақ мақсатын аша түсті.