Кеше желтоқсанның 8-і күні “Ағып жатқан бұлақтың көзін ашқан, бар білім бастауышта қалыптасқан” тақырыбындағы бастауыш бірлестігінің апталығы өз мәресіне жетті. Апталықтың жабылуы бірінші сынып оқушыларының мәнерлеп өлең оқуымен басталып, М.Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңімен өрнектеле түсті. Әрі қарай оқушылар шығармашылығымен жалғасты.