26.01.2023ж. апталық жоспарына сай география пәнінің мұғалімі А.О.Кенжебаева 8 “Ә” -класында «Халық санағы» тақырыбымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: халық санағы және халық санағы әдістерін меңгеру, халық санына қатысты деректерді өңдеуді үйрену, білім алушыларды Қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар функционалдық тапсырмалар орындады, өз пікірлерін еркін ортаға салды, географиялық картамен жұмыс жасады. Білім алушылардың пәнге қызығушылығы қалыптасқандығы байқалды, белсенділігі өте жоғары болды. Сабақ мақсатына жетті.