Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

26.01.23.Тарих-жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығы аясында биология пәні мұғалімі Омарова А.А. “Митоз.Митоз фазалары” тақырыбында 9 “В”-класында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдер модельдеу, ТИ кестесі, шахмат әдісі т.б.тиімді қолданылды. Сабақ құрылымы С1-С4 кезеңдерімен жүйелі мазмұнды ұйымдастырылған. Білім алушылар жасушалық цикл ұғымы негізінде теориялық, танымдық деңгейлерін ілгерілетті. Митоз механизмінің биологиялық маңыздылығы өмірмен ұштастырылып, оқушылар “митоз — өмірімнің айғағы” деген ой түйіндеді. Сабақ мақсатына жетті.