МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
- Жалпы жайлар
- Кітапхана кітапхана- ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға білім беру үрдісіне қатысушылардың құқығын қамтамасыз ету мақсатында оқу- тәрбие үрдісіне қатысатын КММ «ЖББ №34 мектеп» (әрі қарай – мектеп) құрылымдық бөлігі болып табылады.
- Мектеп кітапханасының мақсаты мектеп мақсатына сәйкес болады: уақыт талабына және мектеп-лицей мәртебесіне сәйкес жаңа формация педагогтарының кәсіби құзырлылығын үздіксіз жетілдіру, білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті бөлігін игеру негізінде оқытылатындар тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыру, оларды қоғамдағы өмірге бейімдеу, алдағы уақытта кәсіби білім алу бағдарламаларын саналы таңдай алулары үшін және игеруі үшін негіз жасау.
- Мектеп кітапханасы өз іс- әрекетінде Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарын, жарлықтарын және нұсқамаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен нұсқамаларын, Қазақстан Республикасы білім Министрлігінің шешімдерін, нұсқамаларын, мектеп жарғысын, мектеп директоры бекіткен кітапхана туралы жайды жетекшілікке алады.
- Ақпарат көздерін қолдану, негізгі қызмет тізімі және оларды көрсету шарттары Мектеп кітапханасы туралы жаймен және мектеп директоры бекіткен мектеп кітапханасын пайдалану Ережесімен анықталады.
- Мектеп кітапханасы кітапхана- ақпараттық қызмет сапасы мен қол жетімділігі үшін жауап береді.
- Білім беру үрдісіне қатысушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне, санитар-гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
- Негізгі міндеттер
- Мектеп кітапханасының негізгі міндеттері:
а) білім беру үрдісіне қатысушыларды- оқытылушыларды, педагог жұмыскерлерді, оқытылушылардың ата-аналарын (басқа да заңды өкілдерін) (әрі қарай пайдаланушы) — мектептің кітапхана-ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы ақпарат, білім, идеялар, мәдени құндылықтарды әр түрлі тасушыларда: қағаз (кітап қоры), мерзімдік басылым қоры; коммуникативтік (компьютерлік желі) және басқа тасушыларда пайдалануға қол жеткізу;
б) мәдени және азаматтық өзіндік санасын тәрбиелеу, оқытылушының әлеуметтенуіне көмек көрсету, оның шығармашылық мүмкіндігін дамыту;
в) тәуелсіз кітапхана пайдаланушысы дағдысын қалыптастыру: іздеуге, таңдауға және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға оқыту;
г) кітапхана- ақпараттық үрдісті компьютерлендіру және жаңа технологияларды енгізу мақсатында кітапхана көрсететін қызметті жетілдіру, жайлы кітапханалық орта қылыптастыру.
III. Негізгі функциялар
- Кітапхананың негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін:
а) мектептің кітапхана- ақпараттық ресурсы қорын қалыптастырады:
- оқу, көркем, ғылыми, анықтамалық, педагогикалық, ғылыми- көпшілік құжаттармен дәстүрлі және дәстүрлі емес ақпарат тасушыларда әмбебап қорды жинақтайды;
- Интернет жүйесінің ақпараттық ресурстарымен қорды толықтырады;
б) ақпараттық өнім құрастырады:
- ақпаратқа талдау — синтетикалық өңдеу жасайды;
- ақпарат-библиографиялықаппаратты ұйымдастырады және жүргізеді: каталогтар(әліпбилік, жүйелілік), картотекалар (мақалалардың жүйелі картотекасы, тақырыптықкартотекалар), электрондыкаталог;
- нұсқамалықбиблиографиялық құралдар жасайды(тізімдер, шолулар, нұсқамалар және т.б.);
- ақпараттық өнім туралы пайдаланушыларға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
в) оқытылушыларға жіктелген кітапхана- ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
- тәуелсіз кітапхана пайдаланушысы және ақпарат пайдаланушысы дағдысына оқытуды ұйымдастырады, кітаппен және ақпаратпен жұмыс істеуде білім, білік және дағды кешенін біріктіруге жағдай жасайды;
- оқу, өзіндік білімін көтеру және демалу іс- әрекеті үрдісінде туындайтын мәселелерді шешуде ақпараттық қолдау көрсетеді;
г) педагог жұмыскерлерге жіктелген кітапхана- ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
- балаларды оқыту, тәрбиелеу және денсаулығына байланысты ақпараттық қажеттіліктерді анықтайды және сұраныстарды қанағаттандырады;
- педагогикалық инновация және жаңа технологиялар облысында ақпараттық қажеттіліктерді анықтайды және сұраныстарды қанағаттандырады;
- кәсіби құзырлылыққа, біліктілігін көтеруге, аттестаттау өткізуге жағдай туғызады;
- жалпы білім беретін мекеменің бірыңғай ақпараттық қызметінің негізі ретінде педагогикалық ақпарат банкін жасайды, пәндер, бөлім және тақырыптар бойынша ақпаратты жүйелеуді, жинақтауды жүзеге асырады;
- кез келген тасушыда педагогикалық ақпарат банкіне қол жеткізуді ұйымдастырады; педагогикалық басылымдардың электрондық нұсқаларын қарауды ұйымдастырады;
- ағымды ақпараттандыруды жүзеге асырады(ақпарат күндері, жаңа басылымдар мен түсілімдерге шолулар), мектеп жетекшісін білім беру үрдісін басқару сұрақтары бойынша хабардар ету;
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру бойынша сабақтар өткізуге жағдай жасайды;
д) оқытылушыладың ата-аналарына (басқа да заңды өкілдеріне) жіктелген кітапхана- ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
- пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандырады және кітапханаға түскен жаңа басылымдар туралы ақпарат береді;
- отбасылық оқуды ұйымдастыру сұрақтары бойынша кеңес береді, баланы тәрбиелеу бойынша ақпаратпен таныстырады;
- оқытылушыларға арналған оқу басылымдары сұрақтары бойынша кеңес береді.IV. Кітапхананың іс- әрекетін ұйымдастыру
- Мектеп кітапханасы өз құрылымы бойынша абонемент, оқу залы, компьютер секторы, оқулықтар бөлімі және пәндер бойынша әдістемелік әдебиет бөліміне бөлінеді.
- Кітапхана- ақпараттық қызмет көрсету мектептің оқу және тәрбие жоспарына, бағдарламаларға, жобаларға және мектеп кітапханасының жұмыс жоспарына сәйкес кітапхана- ақпараттық ресурстар негізінде жүзеге асырылады.
- Білім беруді ақпараттандыру жағдайында кітапхананы өзгертуді қамтамасыз ету мақсатында және құрылтайшылар бөлген қаражат шегінде мектеп кітапханасы қамтамасыз етеді:
- кітапхана-ақпараттық ресурстарды жинақтауды кепілдік қаржыландыру (мекеме сметасында бөлек бөлінеді);
- кітапхана құрылымына және компьютерлерді пайдаланудың қауіпсіздік техникасы бойынша нормативтерге сәйкес (жоғары ылғалдылықтың болмауы, жайдың шаң болмауы, электр өткізуші шаңдардың және тот- белсенді қоспалардың болмауы) қажетті қызметтік және өндірістік жайлармен;
- телекоммуникациялық және көшірме- көбейтуші техникамен және қажетті бағдарламалық өніммен;
- техниканы және кітапхана құралдарын жөндеумен және сервистік қызметпен;
- кітапханалық техникамен және концеляр тауарларымен.
- Мектеп кітапхана аппаратурасы, құралдары мен кітапхана мүлкінің сақталуына жағдай жасайды.
- Кітапхананың негізгі қорын сапалы жинақтауға және жүйелеуге, ағымды жылға ғылым және білім Министрлігі бекіткен оқулықтар мен оқу-әдістемелік басылымдар тізіміне сәйкес оқу қорын жинақтауға, мектеп жарғысына сәйкес мектеп директоры кітапхана іс-әрекетіне қажетті жағдай туғызуға жауапты.
- Мектеп кітапханасының жұмыс тәртібін мектептің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес кітапхана меңгерушісі (кітапханашы) анықтайды.
- Басқару.Штаттар.
- Мектеп кітапханасын басқару Қазақстан Республикасы заңнамасына және мектеп жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
- Мектеп кітапханасы іс- әрекетіне жалпы жетекшілікті мектеп директоры жүзеге асырады.
- Мектеп кітапханасына жетекшілік етуді кітапхана меңгерушісі (кітапханашы) жүзеге асырады, ол өз құзыреттілігі аясында қоғам мен мектеп директоры, оқытылушылар, олардың ата-аналары (басқа да заңды өкілдер) алдында біліктілік талаптары, еңбек шарты мен мектеп жарғысымен қарастырылған функционалдық міндеттеріне сәйкес мектеп кітапханасының іс- әрекетін ұйымдастыруға және нәтижесіне жауап береді.
- Кітапхана меңгерушісін (кітапханашыны) мектеп директоры тағайындайды, педагогикалық ұжым мүшесі болып саналады.
- Кітапхана меңгерушісі (кітапханашы) келесі құжаттарды дайындайды және мектеп директорына бекітуге ұсынады:
а) кітапхана туралы жайды, кітапхананы пайдалану ережелерін;
б) жоспар-есептік құжаттаманы;
- Мектеп кітапханасы штатын жинақтау тәртібі мектеп жарғысымен реттеледі.
- Мектеп кітапханасы жұмыскерлерінің және орта мектептің еңбектік қарым- қатынастары еңбек шартымен реттеледі, оның шарты Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына қайшы келмеуі керек.
- Кітапхананың құқығы мен міндеттері
- Мектеп кітапханасы жұмыскерлерінің келесі құқықтары бар:
а) мектеп жарғысында және мектеп кітапханасы туралы жайда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес білім беру және тәрбие үрдісінің кітапхана- ақпараттық қызмет көрсету формаларын, құралдары мен әдістерін өз бетінше таңдай алады;
б) белгіленген тәртіпте кітапхана- библиографиялық білім мен ақпараттық мәдениет факультативтік сабақтарын, сабақтары мен үйірмелерін өткізеді;
в) ақпараттық ресурстарды жинақтау көздерін ұсынады;
г) кітапхана қорын есепке алу бойынша нұсқамаға сәйкес қордан құжаттарды алады және жүзеге асырады;
д) мектеп директоры бекіткен кітапхананы пайдалану ережелеріне сәйкес және ата-аналар комитеті немесе қамқорлық кеңесімен келісе отырып кітапхана пайдаланушылары келтірген зиян түрі мен мөлшерін анықтай алады;
е) локалды нормативтік актілерге сәйкес жыл сайынғы демалыс алуға;
ж) әр түрлі формалардағы марапаттауларға ұсынылуға;
з) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес кітапханашылық ассоцияциалар мен одақтарға қатысуға.
- Кітапхана қызметкерлерінің міндеті:
а) кітапхананың ақпарат ресурстарымен жұмыс мүмкіндігін пайдалаушыларға қамтамасыз етуге;
б) кітапхана көрсететін қызмет түрлері туралы пайдаланушыларға ақпарат беруге;
в) қорлар мен каталогтардың ғылыми ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге;
г) бекітілген оқу басылымдары тізіміне, мектептің білім беру бағдарламаларына, жоғарыда көрсетілген барлық санат пайдаланушыларының қызығушылығы мен сұраныстарына сәйкес қорларды қалыптастыруға;
д) пайдаланушыларға ақпарат- библиографиялық және кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіруге;
е) ақпарат тасушыларды қолданудың сақталуын, олардың жүйелілігін, орналасуын және сақталуын қамтамасыз етуге;
ж) мектеп кітапханасы жұмысы тәртібін қамтамасыз етуге;
з) мектеп директоры алдында белгіленген тәртіпте есеп беруге;
и) біліктілігін көтеруге.
Кітапхана пайдалаушыларының құқығы мен міндеттері
- Кітапхана пайдаланушыларының құқықтары бар:
а) кітапхана қоры туралы, ақпараттық ресурстар және кітапхана көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат алуға;
б) кітапхананың ақпарат-библиографиялық аппаратын пайдалануға;
в) ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда кеңестік көмек алуға;
г) абонементте және оқу залында уақытша пайдалануға мерзімдік басылымдарды және басқа ақпарат көздерін алуға;
д ) құжаттарды пайдалану уақытын ұзартуға;
е) кітапхана қоры негізінде тақырыптық, фактілік, анықтаушылық және библиографиялық анықтамалар алуға;
ж) кітапхана өткізетін шараларға қатысуға;
з) келіспеушілік жайларды шешу үшін мектеп директорына жүгінуге.
- Мектеп кітапханасын пайдаланушылардың міндеттері:
а) мектеп кітапханасын пайдалану ережелерін сақтау;
б) баспа шығармаларына (беттерін жұлмау, бүктемеу, кітапта сызып белгілер қоймау) түрлі тасушылардағы басқа да құжаттарға, құралдарға, мүлікке ұқыпты қарау;
в) құжаттарды кітапхананың ашық шолуы үшін орналастыру, кәртішкелерді каталогта және картотекада орналастыру тәртібін сақтау;
г) құнды және анықтамалық құжаттарды тек кітапхана ғимаратында пайдалану;
д) құжаттарды алуда кемшіліктің жоқтығына сенімді болу, ал кемшілік тапқан жағдайда ол туралы кітапхана жұмыскеріне хабарлау; табылған кемшіліктерге соңғы пайдалунушы жауапты болып саналады;
е) әрбір алған құжаты үшін оқырман формулярында қол қоюға (ерекшелік ретінде: 1-4-сынып оқитындар);
ж) белгіленген мерзімде мектеп кітапханасына құжаттарды қайтару;
з) мектеп кітапханасы құжаттарын оларды жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда оған тепе-тең құжатпен ауыстыру немесе мектеп кітапханасын пайдалану ережелерімен бекітілген мөлшерде шығынның орнын толтыруға;
и) оқу мерзімі өткенде немесе мектепте жұмысы аяқталғанда, мектеп кітапханасымен толық есеп айырысуға.
- Мектеп кітапханасын пайдалану тәртібі:
а) оқытылушыларды, педагогтарды және басқа мектеп жұмыскерлерін мектеп кітапханасына жазу жеке тәртіпте өткізіледі;
б) мектеп кітапханасы пайдаланушыларын қайыра тіркеу жыл сайын өткізіледі;
в) кітапхана пайдаланушысы құқығын растайтын құжат болып оқырман формуляры саналады;
г) оқырман формуляры пайдаланушыға құжаттың берілген күнін және оның кітапханаға қайтарылған күнін белгілейді.
- Абонементті пайдалану тәртібі:
а) пайдаланушылар үйге көп томды басылымдардан бір мезгілде екі құжаттан артық алуға құқығы жоқ;
б) құжаттарды пайдаланудың ең үлкен мерзімі:
— оқулықтар, оқу құралдары— оқу жылына;
— ғылыми- көпшілік, танымдық, көркем әдебиет— 14 күнге;
в) егер басқа пайдаланушылар тарапынан оларға сұраныс болмаса, пайдаланушылар құжаттарды пайдалану мерзімін ұзарта алады.
- Оқу залын пайдалану тәртібі:
а) оқу залында жұмыс істеуге белгіленген құжаттар үйге берілмейді;
б) энциклопедиялар,анықтамалар, сирек, құнды жәнетек бір данада бар құжаттар тек оқу залында жұмыс істеуге ғана беріледі.
- Кітапханада орналасқан компьютермен жұмыс тәртібі:
а)білім беру үрдісіне қатысушылардың компьютермен жұмысы мектеп директоры бекіткен кестеге сәйкес және кітапхана қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі;
б) бір мезгілде бір жеке компьютермен екі адамнан артық жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді;
в) компьютермен жұмыс бекітілген санитар-гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Кітапхана кеңесі
Мектеп кітапханасында кеңестік орган құқығында кітапхана жұмысының маңызды сұрақтарын қарастыру және практикалық көмек көрсету үшін кітапханалық кеңес құрылуы мүмкін. Кеңес құрамына кітапхана жұмыскерлері, педагогикалық ұжым өкілдері, ата-аналар, қауымдастық, оқушылар, қала кітапханасы және басқа ұйымдардың активтері енуі мүмкін.