Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты.
Ол — ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Туған жердің әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен – алтын бесігін бір сәт естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз. Өйткені, азамат бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды. Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында @30_orta_mektep мектебіміздің 50 жылдық мерейтойында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша мектебімізге қолдау көрсетіп, мектеп мерейтойының жоғары деңгейде өтуіне демеу жасаған #30орта мектебінің 1981 жылғы түлегі- «Казхром» Трансұлттық» компаниясының президенті Есенжолов Арман Бекетұлына мектеп ұжымы атынан үлкен алғыс айтамыз! Туған жеріне, түлеп ұшқан мектебіне ғана емес, мемлекетіміздің өркендеуіне үлесін қосып жүрген осындай азаматтарын ,ұстаз еңбегінің өлшеусіз екендігін үнемі жадында ұстай білген, мектебіне, ұстаздарына ерекше құрмет көрсете білген түлектерін білім ордасы мақтан тұтады.