Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Хабарландыру! 🔊 🔊 🔊

☑️Ақтөбе қаласы «№30 қазақ орта мектебі» КММ педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (15.08.2023‬ж. №259 өзгерістермен) “Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

☑️Педагог қызметіне «enbek.kz» сайтынан, мектептің «Mektep-30.edu.kz»ресми сайтынан,мектептің инстаграм«30_orta_mektep» парақшасынан көруге болады.
Конкурска жарияланған бос орын:
✅ Ағылшын пәні мұғалімі — 16 сағат (1 бірлік жүктеме)
(ҚР Еңбек кодексінің 30 бап, 1тармақ, 4)тармақша-Уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына)(декреттік демалыс)
✅ Мектеп писихологы — 1 бірлік жүктеме (ҚР Еңбек кодексінің 30 бап, 1 тармақ, 4)тармақша-Уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уакытына)(декреттік демалыс)
✅ Қосымша педагог- 0,5 жүктеме (хореограф)
Мектептегі бос лауазымдар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайты арқылы білуге болады;
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 154 — тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық мектеп почтасы aktobe_sh_30@mail.ru немесе қағаз жүзінде тапсыруға болады.

☑️Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7)Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог- модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) — 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

✅ Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.10.- 17.10. 2024ж сағ. 09.00-18.00 аралығында жүргізіледі.
🗓 Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы — бес жұмыс күні аралығында өткізіледі.
🏢 Өтетін орны: Ақтөбе қаласы «№30 қазақ орта мектебі» КММ (Тургенев к-сі 70А)
☎️ Телефон: 46-03-79
📧 Эл.почта: Aktobe_30sh@mail.kz

@aqtobe_bilim_basqarmasy
@obrazovanie_gorod_aktobe