АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/⚜️⚜️⚜️БІРТҰТАС ТӘРБИЕ Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамыз өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. ⚜️⚜️⚜️Мектепішілік “Инабат” қыздар клубының бүгінгі отырысы қазақ қызына тән мінез, нәзіктік, инабаттылыққа арналды. ⚜️⚜️⚜️Жетекшісі Тилешева Зульфия Ермекбаевна#қызтәрбиесіұлттәрбиесі