АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Конференция,семинарлар/20.11.2024ж. “BILIM QAZYNA” КММ жоспарына сәйкес “№30 қазақ орта мектебі” КММ-де педагогикалық тәжірибені жинақтау мақсатында «Ағылшын тілі сабағында жаңа сөздерді меңгертудің тиімді әдіс — тәсілдері» тақырыбында «Ш. Құдайбердіұлы атындағы № 66 ЖББОМ» КММ, «Сазды орта мектебі» КММ мектеп мұғалімдерімен бірлескен қалалық семинар өтті. Семинарды “BILIM QAZYNA” КММ әдіскері З.Б.Бекниязова және “№30 қазақ орта мектебі” КММ директоры И.Б.Амитжанова ашып, педагогтер үшін тәжірибе алмасудың маңыздылығын баяндады. Қалалық семинар барысында педагогтер ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың жаңа сөздерді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Қалалық семинар қорытындысы бойынша “BILIM QAZYNA” КММ әдіскері З.Б.Бекниязова қорытынды сөз сөйлеп, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге сертификаттар табыстады.