
АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Психологиялық қызмет жүргізілген жұмыстар./🩵Білім алушыларды психологиялық қолдау🩵 📢 10 «Ә» класс білім алушыларымен ерекше мотивациялық тренинг өтті! 🎯 💡 Тақырып: «Мақсатыма сеніммен қадам басамын!» 🔍 Мақсаты: Білім алушылардың ҰБТ-ға деген көзқарастарын анықтап, сенімділіктерін арттыру, эмоцияларын басқаруға үйрету және ұжымдық бірлікті нығайту. 🎲 Тренинг барысында қолданылған ойындар мен жаттығулар: ▫️ «Саңырауқұлақ» – зейінді дамытуға арналған көңілді ойын 🍄 ▫️ «Ханшайым, Айдаһар, Жауынгер» – ұжымда жұмыс істеу дағдысын дамыту 🛡️👑 ▫️ «Менің эмоциям қайда?» – эмоцияны тану және бөлісу 🌈 ▫️ «Сенімді қадам» – мақсатқа сеніммен жету 🪜 ▫️ «Бағдаршам» рефлексиясы – ішкі дайындық деңгейін анықтау 🚦 💬 Білім алушылардың әсері: ✅ Өз эмоцияларын еркін білдірді ✅ Сенімділік пен өзін-өзі бағалауы артты ✅ Командалық жұмыс жасау дағдылары дамыды ✅ ҰБТ-ға деген көзқарастары айқындалды 📌 Осындай тренингтер білім алушылардың эмоционалдық тұрақтылығын нығайтып, үлкен сынақтарға дайын болуына көмектеседі! 🌟 👩🏻🏫 Мектеп психологы: Ә.Шүйінішбаева