
АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жас мамандар мектебі/«Қарлығаш» жас ұстаздар мектебінің мұғалімдері арасында 2025 жылдың 11 сәуір күні «Үздік жас маман – 2025» атты мектепішілік байқаудың III кезеңі өткізіліп, үздіктер анықталды. Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Байқау жеңімпаздары: Бас жүлде – ағылшын тілі пәні мұғалімі Аманбекқызы С. I орын – информатика пәні мұғалімі Қалжанова Т.Т. II орын – педагог-ассистент Бисенова Д.Р. III орын – мектеп психологы Шүйінішбаева Ә.Ө. Арнайы номинациялар иегерлері: «Үздік таныстыру» – тарих және география пәні мұғалімі Мұқанбетсадықов Е.Қ. «Үздік идея» – ағылшын тілі пәні мұғалімі Идресова А.Ж. «Үздік сабақ» – АӘТД пәні мұғалімі Сәндібек Н.Т. «Қарқынды қадам» – дене шынықтыру пәні мұғалімі Турсынбаев Н.Ж. Бұл байқау жас мамандардың кәсіби өсуіне серпін беріп, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға зор мүмкіндік болды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!