АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/📅 06.02.2026 жылы мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ерлік сабағы» ұйымдастырылды. 🇰🇿 Тағылымды кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Иманқұлов Амангелді, Нышанбаев Айқожа арнайы қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, ерлікке толы естеліктерімен бөлісті. 🎖️ Кездесу барысында ардагерлер елге адал қызмет ету, батылдық, тәртіп пен жауапкершілік туралы өнегелі ойларын айтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елін қорғауға дайын болуға шақырды. Білім алушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, батыр ағалардан тағылымы мол жауаптар алды. Бұл кездесу жасөспірімдердің патриоттық рухын нығайтып, тарихи санасын қалыптастыруға үлкен ықпал етті. ✨ Ерлік – ұрпаққа үлгі, батырлық – мәңгілік мұра!
