Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектеп миссиясы:

Білім алушылардың бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу;

 

Мақсаты:

  1. — педагогтардың ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту;
  2. — білім сапасын арттыруда заманауи технологияларды тиімді қолдану;
  3. — педагогтардың оқытудыңц ифрлық түрін қолдану үлесін арттыру;
  4. — білім беру барысында сабақтарға жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру;
  5. — білім алушылардың зерттеу жұмыстарын жетілдіру;
  6. — үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру;

 

Міндеттері:

  1. — білім сапасын арттыру;
  2. — оқу-тәрбие процесінде серіктестермен қарым-қатынас нығайту;
  3. — пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру;
  4. — педагогтардың шығармашылық жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, өз іс тәжірибесін, өзіндік жұмыстарын (авторлық бағдарлама, жинақтар, әдістемелер, шебер-кластар, зертханалар) жинақтап, қорытындылауын қолға алу;
  5. — әр бірлестік бойынша жобалар енгізу;

 

Күтілетін нәтижелер:

  1. — білім беру ортасының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;
  2. — оқыту сапасының артуы, педагогтардың өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті цифрлық технология көмегімен ұйымдастыруы;
  3. — дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар жеңімпаздарының санының артуы;
  4. — бойына ұлттық құндылықтарды сіңірген білім алушының мектепте және өмірде табысты болу;

 

2023-2024 оқу жылы

«Мектептің оқыту мен тәрбие үдерісіне ұлттық құндылықтарды енгізу-басты міндет»

2024-2025 оқу жылы

«Білім алушылардың табысты болуына жол ашатын қабілеттерін дамыту – негізгі ұстаным»

2025-2026 оқу жылы

«Сапалы білім, жан-жақты дамыған жеке тұлға – құндылыққа негізделген мектептің нәтижесі»