АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жүргізілген жұмыстар/📌 ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ 11 қыркүйек 2026 жылы мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиынға Ақтөбе облысының полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Суентаев Нурлыбек Сагинаевич және Ақтөбе қаласы ПБ ҚҚБ ЮПБ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Көкжанова А.Б. қатысты. Кездесу барысында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер талқыланды. Ата-аналарға жасөспірімдердің қауіпсіз ортасын қалыптастыруда мектеп, отбасы және құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы түсіндірілді. Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпараттар мен ұсыныстар алды.
