АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Психологиялық қызмет жүргізілген жұмыстар./🐠💙 «Оқудың жаңа жағдайларына эмоционалдық бейімделу» 1 «Ә» класында психологиялық түзету-дамыту сабағы өткізілді! 🎉 📌 Сабақтың мақсаты: Бейімделу кезеңінде кішкентай оқушылардың өз эмоционалдық жағдайын танып-білуіне көмектесу. 🐠 Балалар «Аквариум» ойынын ойнады! Ойын барысында әр бала өзін аквариумдағы балық ретінде елестетіп: ✅ Өз көңіл-күйін балықтың түсімен жеткізді ✅ «Менің балығым қуанышты / мұңды / тыныш» деп сезімін айтты ✅ Бір-бірінің балықтарын танып, бірге «аквариум» жасады ✅ Бір-біріне жылы сөздер айтып, қолдау көрсетті 💬 Балалар өз эмоцияларын ойын арқылы танып, оларды жеткізуге үйренді. Сыныпта көңілді әрі жылы атмосфера қалыптасты! 🤝 🌟 1-сынып — жаңа бастау, жаңа достар! Біз біргеміз, біз мықтымыз! 💪 👩🏫 Психолог: Шүйінішбаева Ә.Ө
