АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/✨ БІР КҮНГЕ — ҰСТАЗ, БІР КҮНГЕ — ЖАУАПКЕРШІЛІК! Ұлағатты ұстаздар күніне орай мектебімізде ерекше форматтағы «Дублер күні» ұйымдастырылды. 💙💛 Бұл күні 11-сынып білім алушылары ұстаздардың орнын басып, бір күн бойы сабақ өткізіп, білім алушылармен жұмыс жасап, ұстаздық мамандықтың жауапкершілігі мен маңызын сезінді. 📚✨ Күн таңертең ұстаздарымызды ерекше көңіл-күймен қарсы алудан басталды. Ал одан әрі 11-сынып білім алушылары үшін нағыз сынаққа толы қызықты күн жалғасты. 🎓 Бір күннің ішінде: 📖 сабақ бердік; 🗣️ сыныппен жұмыс жасадық; 💡 білім алушылардың сұрақтарына жауап бердік; 🤝 жауапкершілікті сезіндік; ❤️ ең бастысы — ұстаз еңбегінің қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Дублер күні — жай ғана рөл ауыстыру емес, ұстаз еңбегіне деген құрметті арттыратын ерекше тәжірибе! Ұстаздық жолдың қаншалықты жауапты екенін сезінген 11-сынып білім алушылары үшін бұл күн есте қаларлықтай ерекше күн болды! 🌟 Ұстаз болу — үлкен жүрек пен үлкен жауапкершілікті талап етеді! ❤️
