АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ — СУЮНОВА АЙАРУ! 🇰🇿 ✨ Мектебімізде өткен Мектеп Президентін сайлау қорытындысы бойынша 9 «Ә» сынып білім алушысы Суюнова Айару мектеп Президенті болып сайланды. 🗳️ Сайлау барысында Айару 195 дауыс жинап, білім алушылар мен ұстаздардың сеніміне ие болды. 🌟 Суюнова Айаруды Мектеп Президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа қызметінде Айаруға зор жауапкершілікпен қатар, тың бастамалар, жарқын идеялар, табысты жобалар мен толағай жетістіктер тілейміз! Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандырып, білім алушылардың ұсыныстары мен бастамаларын жүзеге асыру жолында белсенді көшбасшы болуына тілектеспіз. 💙 Әр қадамы нық, әр бастамасы нәтижелі болсын! 💛 Сенім – үлкен жауапкершілік. Ал жауапкершілік – нағыз көшбасшының белгісі!
