10.02.2023ж. Ифм пәндер бірлестігінің аясында математика пәні мұғалімі Бисалиева Айнагуль Жаксекеновна 8 “Ә” класс оқушылары үшін “Үшбұрыштың ауданы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында үшбұрыштың түрлері арқылы оқушылар топқа бөлінді. Сабақ барысында жұптық, топтық әдістер қолданылып, “LearningApps”, “WordWall” платформалары арқылы оқушылар есеп шығарды.