Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі ММ «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес 8 ақпан күні №30 қазақ орта мектебінде «Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру» тақырыбында математика, информатика, физика пәндері жас мамандарына арналған қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты: Бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге жеткзетін, шығармашылыққа мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы критериалды бағалау жүйесінің тиімділігін көрсету.

Семинар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш. Абдыкаликованың алғы сөзімен басталды. Семинар аясында математика пәні мұғалімі, мектеп тренері З.Е. Тилешева жас мамандарға сенім білдіріп, өзіндік бағалау арқылы «Мен саған сенемін» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.

Критериалды бағалау функциялары ынталандыру, белсенділік, дамытушылық, түзетушілік, әділдік, нақтылық, жүйелілік принциптері екенін айтып, семинар жоспарындағы сабақтар мен коучингте көрініс табатынын нақтылады.

Сабақ барысында тәжірибелер, тиімді әдіс-тәсілдер, жаңа технологияларды және функционалдық тапсырмаларын қолданып, физика пәні мұғалімі Зурбаева М.Б. 7 «Ә» класында «Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу», математика пәні мұғалімі Абдильдина Г.А. 5 «Ә» класында « Ондық бөлшекті натурал санға көбейту», 5 «В» класында информатика пәні мұғалімі Мұбарак Т.Б. «Робо-сумо» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Информатика пәні мұғалімдері Л.Ж. Алтаева және А.М. Медетова «Заманауи мұғалімнің цифрлық құралдары» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырып, ұстаздармен ынтымақтастықта жұмыс жасады.

Семинар соңында «Мен ұнатқан үш нәрсе» рефлексиясы арқылы белсенділік, қызығушылық, жаңа мағлұматтар туралы бағалаулар жасалды. Оқу үдерісін жетілдіру үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу критериалды жүйені енгізу керектілігіне көз жеткізді.