Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында нақты міндеттер қойып: «Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін» — деген болатын.

Осы орайда мектебімізде 20.11.2023 ж «Абай сөзі — қазақтың бойтұмары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті. Шараға мектеп ұстаздары, 10-11 класс оқушылары қатысып, сахналық қойылым тамашалады. Халықтың игі мәдени дәстүрлері сынды тәрбиелік мәні бар шара болды. #абайсөзіқазақтыңбойтұмары #қазақтіліменәдебиетіапталығы @obrazovanie_gorod_aktobe @metodcabinet_aktobe @amitzhanova_i