Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін 09 ақпан, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай «№30 қазақ орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Тилешева Зульфия Ермекбаевнаның жетекшілігімен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және креативті ойлауын дамыту» тақырыбындағы облыстық педагогикалық шеберханананың үшінші отырысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындаудың жолдарын көрсетеді; Математикалық сауаттылық: сабақта оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды қолданады; Шығармашылық жұмыстар – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру көзі екенін көрсетеді; Оқушылармен практикалық жұмыстар жүргізіледі. Педагогикалық шеберханаға Ш.Каратаева –Мәртөк ауд., М.Елманова –Қандыағаш қаласы, Г.Мирманова –Хромтау ауд., Н.Таңбай – Шұбарқұдық ауд., З.Нұрқалық- Әйтеке би ауд., А. Кенжегалиева–Ойыл ауд., Г.Басшиева–Алға ауд., А.Қоблашева –Ырғыз ауд., Ж. Дисмурзова – Ақтөбе қаласынан математика пәні мұғалімдері, шеберхана мүшелері қатысты.

Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Алманова Ақмарал Маратқызы мен мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралиевнаның алғы сөзімен басталды.

Шара барысында математика пәні мұғалімі, шеберхана жетекшісі З.Тилешева «Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді» тренингімен бастады. Тренинг мақсаты қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалжар ауданы, Қандағаш қаласы, №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Елманова Мирамгуль Усынысовна «Оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындау жолдары» тиімді қолдану әдіс-тәсілдерін көрсетсе, Хромтау ауданы, №4 ОМ математика пәні мұғалімі Мирманова Гульдана Ибраевна «Математикалық сауаттылық: сабақта оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды қолдану» тақырыбы аясында сабақтағы әдістерді, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдарын айтып, өз тәжіребелерімен бөлісті. Мәртөк ауданы, №2 мектеп –гимназиясының математика пәні мұғалімі, ПШО тренері Қаратаева Шуга Таласбаевна «Шығармашылық жұмыстар-оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру көзі» » тақырыбында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс-тәжірибесін көрсетті.