
АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Біртұтас тәрбие жүргізілген жұмыстар/Бүгін 17 қаңтар күні “Ұлттық тәрбие — бала жанының қорегі” тақырыбында мектебімізде кездесу өтті. Кездесуге ата-әже, әке-аналары қатысты. Сонымен бірге “Шолпы” облыстық қоғамдық қорының мүшелері «Еңбек ардагері» медалінің иегері, ақын, суретші, ардагер ұстаз, облыс қоғамдық кеңесінің мүшесі, “Шолпы” қоғамдық қорының мүшесі Қайдасов Серікбай Қайдасұлы мен Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі, “Еңбек даңқы” төсбелгісінің иегері, ҚР журналистер Одағының мүшесі, “Шолпы” қоғамдық қорының басшысы республикалық “Ана” журналының редакторы Алмагүл Сүндетқызы Сарыбай қатысты. Кездесудің мақсаты: қатысушылардың ұлттық тәрбиенің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету, ұлттық құндылықтарды бағалауға және оны жас ұрпаққа, әсіресе 13 жастағы балаларға жеткізуге бағыттау. Кездесу барысы теориялық бөлім және практикалық бөлім негізінде өтті. 13 жас – балалық шақтан жасөспірімдікке өту кезеңі екендігі айтылып, бұл кезде баланың денесінде, психологиясында, әлеуметтік өмірінде көптеген өзгерістер болатындығы түсіндірілді. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды. Кездесуде құндылығымыз домбырамен күй тартылып, дәстүрлі ән шырқалды. “Даналық” мектебінің жетекшісі Тилешева Зульфия Ермекбаевна кездесуді жүргізді. Келген қонақтар мен ата-әже, әке-аналарымызға тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Мукатова Мирагул Миргалиевна алғысын білдірді. #біртұтас_тәрбие @aqtobe_bilim_bolimi @aqtobe_bilim_basqarmasy @birtutas_tarbie_aqtobe