Ағылшын тілі пәні бірлестігі
Мектебімізде апталық барысында «English in sports for primary learners» атты бастауыш сынып оқушыларын спорт пен ағылшын тіліне қызықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында Л. А. Куспанова, Ұ. Н. Назарбаева сыныптан тыс іс—шараны эстафеталық сайыс арқылы өткізді. Оқушылар белсене қатысып, үш топқа бөлініп, сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беруге тырысты. 3 «а», және 3«в» сынып оқушыларынан құралған […]
18.11.22 Ағылшын тілі апталығы аясында пән мұғалімі Тустикбаева Г.С. 10 «Б» класында «The future of drones» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:Оқушылардың тыңдап түсіну мен сөйлеу қабілеттерін даиыту. Сабақ барысында мұғалім «Which word is missing?», «Ice cream sticks» әдістерін тиімді қолданып,сабақ мақсатына жетті.
18.11.22 Ағылшын тілі апталығының жабылуы. Апталыққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз.
17.11.22 Ағылшын тілі апталығы аясында пән мұғалімдері Турманбетова Р.О. мен Тустикбаева Г.С. «Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі» атты семинар өткізді. Мақсаты: Өз тәжірибесімен бөлісу арқылы оқытудың жаңа жұмыс түрлері мен әдістерін жетілдіру және тәжірибе алмасу. Семинар барысында пән мұғалімдері өздері қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді практика жүзінде көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ағылшын тілі апталығы аясында 3ә сынып оқушыларына “Enjoy fast foods” тақырыбына сыныптан тыс сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларды тез ойлауға, тілге деген қызығушылығын арттыру. Пән мұғалімдері: Ниязова М.А. Кульжумырова А. С
16.11.2022жылы Ағылшын тілі пәні мұғалімі 3”Ә”сыныбында “Days of the week” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларды апта күндерін ағылшын тілінде айтылуын, жазылуын қатесіз орындауға үйрету, тілге деген қызығушылығын арттыру. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тілдік дағдыларды қалыптастыру.
16.11.2022ж. ағылшын тілі пәні апталығы аясында Жуманазарова А.К. 7 “Ә” класында “Language focus 2: Present Simple Passive” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: осы шақтағы ырықсыз етіске болымды, болымсыз және сұраулы сөйлемдер құрап үйрену. Сабақ барысында Canva, Classroom screen, Wordwall қосымшалары пайдаланылды.