Дене тәрбиесі,АӘД пәндерінің бірлестігі
06.03.2023 ж. «Менің денсаулығым- менің болашағым” атты дене шынықтыру пәні бірлестігі апталығының аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Х. Сағындық 4 “Б” класына Жұптық және топтық ойындар “Эстафеталық ойындар”тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа және топпен жұмыс жасауға үйрету.
06.03.2023 ж. «Менің денсаулығым- менің болашағым” атты дене шынықтыру пәні бірлестігі апталығының аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.А. Нургалиева 4 “Г”класына “Пионербол” Екі жақты ойын тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылар допты бір қолмен ойынға қосып, екі қолмен қағып алуды меңгерту.