Математика,физика,информатика пәндерінің бірлестігі
10-ақпан күні ИФМ пәндер бірлестігінің “ИФМ ЕЛІНЕ САЯХАТ” атты апталығының жабылуы өтті. AirIFM ұшағы “30-мектеп” әуежайына сәтті қонды. Апталық барысында белсенділік танытқан бортсеріктері мен ұшақ жолаушыларына алғыс білдіреміз!!! ✈️
10.02.2023ж. Ифм пәндер бірлестігінің аясында математика пәні мұғалімі Қаумет Айжан Жұмабайқызы “Көрсеткіштік функцияның туындысы және интегралы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басы “Мен сіздерге сенемін” атты психологиялық ойынмен басталды. Сабақ барысында жұптық, топтық әдістер қолданылып, оқушылар берілген карточкалар арқылы есептер шығарып, “Смарт әдісі” арқылы бағалау жүргізілді.
10.02.2023ж. Ифм пәндер бірлестігінің аясында математика пәні мұғалімі Бисалиева Айнагуль Жаксекеновна 8 “Ә” класс оқушылары үшін “Үшбұрыштың ауданы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында үшбұрыштың түрлері арқылы оқушылар топқа бөлінді. Сабақ барысында жұптық, топтық әдістер қолданылып, “LearningApps”, “WordWall” платформалары арқылы оқушылар есеп шығарды.
09.02.2023 ж физика пәні мұғалімі М.Б. Зурбаева «Тәжірибеңмен бөліс және толыс» атты мұғалімдерге арналған воркшоп өткізді. Майя Битановна өз тәжірибесіндегі — 3 LIFEHACK 💡 , 2 ӘДІС («Мен кіммін?», «Smart бейдж») 📝және 1 АКТ-мен (Quizlet) 👩🏻💻 бөлісті. Мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, өз білім жетілдіру қоржындарын толықтырды.
Бүгін 09 ақпан, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай «№30 қазақ орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Тилешева Зульфия Ермекбаевнаның жетекшілігімен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және креативті ойлауын дамыту» тақырыбындағы облыстық педагогикалық шеберханананың үшінші отырысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындаудың жолдарын көрсетеді; Математикалық сауаттылық: сабақта оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды қолданады; Шығармашылық жұмыстар – оқушылардың […]
ИФМ пәндер бірлестігі апталығы аясында 5 «Г» класында математика пәні мұғалімі Абдильдина Г.А. «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» тақырыбында практикалық ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасап, түрлі «Түймедақ», «Сәйкестендіру» әдістері арқылы тапсырмалар орындады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғары, сабақ қызықты өтті. Сабақ соңында оқушылар бағаланып, кері байланыс жасалды.
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі ММ «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес 8 ақпан күні №30 қазақ орта мектебінде «Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру» тақырыбында математика, информатика, физика пәндері жас мамандарына арналған қалалық семинар өтті. Семинар мақсаты: Бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны […]
06.02.2023ж ИФМ пәндер бірлестігі апталығы аясында математика пәні мұғалімі Сағымбаева Ж.Қ “Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында топтық,жұптық тапсырмалар беріліп,”Білім қоржыны”арқылы кері байланы с жасалды.
ИФМ апталығы аясында 6в класында информатика пәні мұғалімі Медетова Айгуль Мустанаевна «Арифметикалық амалдарды Python тілінде жазу ережелері» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ барысында алгоритм құру, программалау негіздерін түрлі әдістерді қолдана отырып түсіндірді. Және де сабақ барысында АКТ құралдарын ұтымды пайдала отырып «Prezi», «Learning apps», «Kahoot» қосымшаларында тапсырмалар берілді. Сабақ соңында «GooglForms» қосымшасы арқылы кері байланыс […]