Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі

23.11.2023ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 5-10 класс білім алушыларымен “ Әдебиет-өмір айнасы” тақырыбында Қазақстан Республикасының Құрметті журналисті, Қазақстан Жазушылар Одағы мүшесі, КСРО Бас.  

Толығырақ

22.11.2023 күні 9 “Ә” класында қазақ әдебиеті пәнінен Габдешева А.А “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны” тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақ әр топтың ұран өлеңімен басталып, “Болжау” әдісі арқылы сабақ тақырыбы анықталып, мақсатымен таныстырылды. “Тарихыңды таны” айдары арқылы Махамбет шығармаларын зерделеу, “Түйінді сөз” айдарында ізденіс жұмыстары жүргізіліп, оқушылар шығарма мазмұнына талдау жасады, көріктеу құралдарын тапты. “Талапты ерге […]

Толығырақ

22.11.2023 ж. 5” А” класында Ж.Ж.Салиева Ы.Алтынсариннің “ Қыпшақ Сейітқұл” әңгімесі бойынша “Сейітқұл-еңбек адамы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта әңгіменің тақырыбы мен идеясын түсінуде мәтінмен әртүрлі жұмыс түрлері жүргізілді. “Адасқан сөздер” әдісі, “Шын-жалған” әдісі, “Екі жақты күнделік”, ”2 қадам”, “ Попс” формуласы, “1 минут эфирде” әдістері қолданылып сабақ мақсатына жетті.

Толығырақ

22.11.2023 ж. 8 ”В” класында М.М.Сатыбалдина “Болашақ мамандықтар” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында “Сөздер сөйлейді”, “SWOT талдауы” әдістері арқылы жаңа тақырып меңгеріліп, грамматикалық тақырып бойынша талдау жұмыстары жасалып, сабақ мақсатына жетті. #ұлттыққұндылықтарымыздыжоғарыбағалайық #қазақтіліменәдебиетіапталығы @obrazovanie_gorod_aktobe @metodcabinet_aktobe @amitzhanova_i

Толығырақ

22.11.2023 ж. 7 ”Б” класында Ж.Е.Кожанова “Сүйіспеншілік-шынайы сезім ” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында проблемалық сұрақтарға тындалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау жүргізілді. Еліктеуіш сөздерге талдау жұмыстары жасалды. “Тәтті тілек” әдісі , “Қос жазба күнделігі” әдісі, “Фрацер” әдісі, “Padlet” программасы қолданылып сабақ мақсатына жетті.

Толығырақ

Бүгін, 21 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.А.Габдешева және И.Е.Елубайдың ұйымдастыруымен мұғалімдерге арналған “Сөз — кие. Сөз — оқ. Сөз — шипа” тақырыбында кластан тыс шара өткізілді. Бұл шара “Кітап time” жобасының негізімен челлендж ретінде ұйымдастырылды. Алғашқы отырыста “Атом әдеттері” кітабын оқу тапсырылды. Жетекшісі Мұханбетсадықов Е. І бөлімінде үй тапсырмасы ретінде сауалнама (опрос) […]

Толығырақ

ҚТӘ пәні бірлестігі апталығының жабылу салтанаты “Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы” тақырыбындағы әдеби-музыкалық шара түрінде өтті. Бұл шарада болашақ жас ақындар тырнақалды туындыларын оқып, көрермен көзайымына айналды. Апталық барысында жауапкершілік танытып, белсенділік көрсеткен кластар мен шығармашыл оқушылар марапатталды. “Қоғам құндылығы — халықтың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі” тақырыбындағы апталығы өз мәресіне жетті.

Толығырақ

Мектебімізде “Тіл- ең асыл құндылық” тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі апталығының ашылуы өткізілді. Апталығымыздың ашылуы Төлен Әбдіковтың шығармашылығына арналды.Өнерпаз оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп,Төлен Әбдіковтың “Қонақтар” әңгімесін сахналады.Мектеп кітапханашысы Мадина Әбілғазықызы жазушының көркем туындыларымен таныстырып,өмірі мен шығармашылығынан үзінділер көрсетілді. Мақсаты: қазақ әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Көркем […]

Толығырақ