Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі

“Тіл- ең асыл құндылық” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі апталығы аясында “Адам өмірі-басты құндылық тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға өмірдің қымбаттылығын түсіндіріп, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін ояту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту, балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. Іс-шарада “Сөйлемді жалғастыр”, “Пазл” әдісі, ”Менің болашағым”, ”Менің мақсатым” жұмыстары жүргізілді.

Мектебімізде “Тіл- ең асыл құндылық” тақырыбында болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының “Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры” атты жабылу салтанаты өткізілді. Апталықтың жабылу салтанаты М.Шахановтың “Төрт ана” шығармасын тыңдаудан басталып, “Туған жер”, “Тарих” , “Салт- дәстүр”, “Туған тіл” тақырыптарында төрт Ана бейнесі сомдалып, қойылымдар көрсетілді. Мектепішілік “Драма” үйірмесінің мүшелері ақындардың шығармаларынан үзінді оқып, өнерпаз оқушыларымыз […]

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы барысында педагог -зерттеуші , қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі Габдешева Алтын Амантаевна 11ә класына Б.Мұқайдың «Өмірзая» романы тақырыбынан ашық сабақ өткізді. Мақсатқа жету барысында шығарманы талдай отырып, өткен заман көрінісі мен бүгінгі заман көрінісін салыстыруда «Өрмекші торы»,»Суреттер сөйлейді» ,»Бұрын, бүгін, болашақ», әдістері арқылы жұмыс түрлері жасалды.

02.12.2022ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы барысында зерттеуші-педагог Салиева Ж.Ж. 8 “ Б” класында қазақ тілі пәнінен “Мамандық” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта мақсатқа жету барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Тұтас және тұтас емес мәтіндерді салыстыру,сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін ажырата білу,мамандық түрлеріне “swot талдау” әдісі топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерінде жүзеге асырылды.

01.12.2022 ж мектебіміздің 9 «А» класс оқушыларының ұйымдастыруымен қазақ халқының біртуар ұлы А.Байтұрсыновтың 150 жыл толуына арналған «Алаштың ардақтысы» атты кластан тыс шара өтті. Ірі ғалым, әдебиет зерттеуші А.Байтұрсыновтың өмірі мен қазақ халқы, елі үшін ерен еңбегі туралы видеоролик көрсетілді. Оқушылар өмірі мен қызмет жолы жайында шағын көрініс қойып, ұлтымыздың ұлы ұстазына арналған өлеңдерін мәнерлеп […]

01.12.2022 ж.қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.Ж.Салиева, А.А.Габдешева, Г.К.Бактыгалиева «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту» атты мектепішілік семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты таныстырылып, оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған тиімді әдістерді қолданды. Семинарға қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тосын сый жүзеге асты. Қатысушылар семинар барысында ой бөлісіп, тақырыпқа қатысты өз пікірлерін білдіріп, жылы лебіздерімен бөлісті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 30.11.2022 ж. күні мектебімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған гуманитарлық колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында “Алаштың ұлы ұстазы” атты ғылыми конференция өтті. Мақсаты: А.Байтұрсынұлының қазақ тілі саласы бойынша зерттеу еңбектерінің маңызын түсіндіру,тіл білімі саласындағы шығармаларының мәнін ұғындыру. Білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру,тіл тарихы бойынша шығармашылық қабілеттерін анықтау,зерттеушілік […]

30.11.2022 ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.М. Сатыбалдина 7 «В» класына «Достық — асыл қасиет» тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылардың танымдық қабілетін арттырды. Сабақ өз мақсатына жетті.

30.11.2022 ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог — сарапшы Бактыгалиева Г.К. 9 “А” класында М.Өтемісұлының “Мен, мен едім, мен едім” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында “Ойлан, жұптас, бөліс”,“Биопоэма”, “Аяқталмаған сөйлемдер” әдістері қолданылып, видеоролик көрсетілді. Білім алушылар талдау, суреттеу арқылы өз ойларын жеткізді. Сабақ өз мақсатына жетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығында қазақ тілінен “ЭКСПО 2017 Астана қаласында” тақырыбында 6”в” класына Узакбаева Бибизада Жомартқызы ашық сабақ өткізді. Сабақта “QR”, “Wordwall” платформалары, “Жасырын смайлик”, “Сұраққа жетіп ал”, “Джигсо” әдістері қолданылды. Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өз мақсатына жетті.