26.01.2023 Тарих-жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығы аясында география-тарих пәні мұғалімі Е.Қ.Мұқанбетсадықов «Ежелгі Қытайдың қандай ғылыми жаңалықтары бүгінгі күнге дейін жетті?» тақырыбында 5″Б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақ электронды «Padlet» тақтасында дайындалды, топқа бөлу үшін «Random Name Picker», үй тапсырмасын сұрау үшін»Learningapps» программасымен жасалған «ат жарыс» ойыны, жаңа сабақты түсіндіруге «canva» бағдарламасында жасалынған слайд, тапсырма орындау барысында шуды басқару үшін «Bouncly Balls» программасы қолданылса, кері байланыс «Кунг-фу Панда» әдісімен жасалынды. Оқушылардың Ежелгі Қытай туралы ақпараттары кеңейіп, түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып сабақ өз мақсатына жетті.