Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Тарих және жаратылыстану пәндері апталығы аясында 9 А сыныбында «Гидросфера және оның бөліктері. Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбында география пәнінің мұғалімі Кенжебаева Аинагул Оспановна ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Гидросфера және оның бөліктерін білу. Қазақстанның ішкі суларын топтастыра білу, ірі алаптар бойынша ерекшелігін, қоректенуі, жылдық ағыны, өзен ағысының сипатын , байланысын меңгерту. » Миға шабуыл» , «Мәтінмен жұмыс», «Модельдеу» т.б әдістер қолданылып, географиялық картамен жұмыс жүргізілді. Топпен, жеке, жұппен жұмыстанып, «Модельдеу» бойынша өзеннің құрылымын құрастырды. Өмірлік маңызы бар сұрақтарды талдап, меңгерді, сабақ мақсатына жетті.