ИФМ пәндер бірлестігі апталығы аясында 5 «Г» класында математика пәні мұғалімі Абдильдина Г.А. «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» тақырыбында практикалық ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасап, түрлі «Түймедақ», «Сәйкестендіру» әдістері арқылы тапсырмалар орындады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғары, сабақ қызықты өтті. Сабақ соңында оқушылар бағаланып, кері байланыс жасалды.