Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Бекітілді»

Мектеп директоры

Қол қойылды

И.Амитжанова

02.09.2022ж

Мектеп мұғалімдері мен білім алушылардың жұмысын нақты ұйымдастыру мақсатында оқу -тәрбие үрдісінде төмендегідей жұмыс режимі құрылсын:

1. Білім ордасына бірінші ауысымда мұғалімдер мен білім алушылардың келу уақыты – 7:40

2.Білім ордасына кезекші әкімшілік – 7.30-да келуі тиіс, кететін уақыты – 19.15. Сабақ басталуға 10 минут қалған кезде алдын-ала қоңырау соғылып, білім алушылар таңғы жаттығу жасайды. Сонан соң сабақ өтетін кабинеттеріне кіріп, сабаққа дайындалады. Сынып жетекшілері мен мұғалімдер үзіліс уақытында әр қабатта кезекшілік жүргізіп, мектеп тыныштығы мен тәртібін сақтауға, үзіліс кезінде балалар қозғалысын жауапкершілікке алуға міндетті.

3.Кезекшілер әр білім алушының үзіліс кезінде тыныштық сақтауларын, мектеп мүлкінің сақталуын қарап, үзілістен кейінгі жасалған тазалықты қадағалау керек. Кезекшілер қорытынды тексеру жасап, бірінші ауысымда сағат 1330-да жұмыстарын аяқтап, әкімшілік кезекшіге тапсырады. Екінші ауысымда кезекшілікті сағат 1330-дан бастап 1915 -те жұмысын аяқтап, кезекші әкімшілікке тапсырады.

4.Мектеп ғимаратына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады. (Бөгде адам келу мақсатын мен жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен жағдайда кіруіне рұқсат беріледі)

5.Педагогтар мен мектеп қызметкерлері, білім алушылар барлық санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.

6. Әр сынып өзіне бекітілген кабинеттің тазалығын сақтайды.

7.Сынып жетекшілер соңғы сабақтан кейін білім алушыларды мектептен шығарып салады.

8.Білім алушыларды сабақ уақытында әр түрлі іс-шараға жіберуге қатаң тыйым салынады.

9. Үйірмелерге білім алушы әкімшілікпен бекітілген кесте бойынша келуге тиісті.

10. Мектеп пен жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасы шешімімен барлық кластар үшін бірыңғай мектеп формасы енгізілсін. Білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға міндетті. Ұлдардың мектеп формасы: қара шалбар, ақ жейде, жасыл түсті жилет немесе пиджак, классикалық пішіндегі жасыл түсті галстук. Қыздардың мектеп формасы: ақ классикалық жейде, қоңыр қызыл және жасыл торлы (клеткалы) юбка – жилет, жасыл пиджак, ақ бантик.

Ескерту: Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және тобықты жауып тұруы тиіс. Қыздар үшін юбка тізеден сәл төмен болуы тиіс.

Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға тән киім элементтерін қосуға тиым салынады. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес).

Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

11.Білім беру ұйымында нәсілдік, діни, халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге идеяларды насихаттауға тыйым салынады.

12.Сырттан келген тұлғалар директордың рұқсатынсыз сабаққа кіргізілмейді.

13.Саяхатқа, мұражайға, т.б. іс-шараларға білім алушыны апару директордың бұйрығынан кейін жүзеге асырылады. Бұл жағдайда білім алушының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне бұйрықта көрсетілген жауапты мұғалім, әкімшілік, тәрбиеші жауап береді.

14. Білім алушыларға мектепте бағалы бұйымдар, смартфондар ұстауға, қолдануға тыйым салынады. Қажет болған жағдайда қарапайым функциялы ұялы телефондар ұстауға рұқсат етіледі. Жоғалған жағдайда мектеп жауап бермейді.

15.Білім беру ұйымына төмендегі қолдануға тыйым салынған заттарды алып кіруге қатаң тыйым салынсын. Қарулар:

— барлық атыс қаруы (пистолет,револьвер,винтовка,шолақ мылтық және т.б) — атыс қаруының көшірмесі немесе соған ұқсайтын қару; — атыс қаруының құрастырушы бөлігі (оптикалық құрылғылар/көздеуіштерден басқа); — газды қару — пневматикалық тапанша, винтовкалар және шарлы қару; — сигналды тапанша, ойыншық тапаншалардың барлық түрлері; — шеге қағу мен болттарды ұстататын өндірістік құрылғылар; — арбалеттер, катапульталар, сүңгілер мен найзалы құралдар; — Жануарларды жансыздандыруға арналған құралдар; — Мүйізді малдарды басқаруға арналған естен тандыратын немесе ұрып-соғатын құралдар; — атыс қаруы түрінде жасалынған тұтатқыштар; — травматикалық және жарық – дыбыстық патрондарымен ұңғысыз қару;

Электрошокты құрылғылар және т.б

2. Қадалғыш/ кескіш қарулар мен өткір заттар;

— балталар, сүңгілер мен найзалардың түрлері, мұз шапқыштар; — жылжымалы немесе лақтыратын жүзі бар кез келген ұзындықтағы пышақтар; — металдан немесе басқа да мықты материалдан жасалынған ықтимал қару ретінде ұсталынатын кез келген ұзындықтағы пышақтар; — ас үй пышақтары; — аң аулайтын (аңшылық) пышақтар — ашық ұстаралар мен өткір лезвиелер (қауіпті және бір реттік қосымша лезвиесі бар ұсталарды қоса) — қылыштар мен семсерлер, қылыштың тұтқасы; — скальпелдер; — металды жұлдыздар; — қадалғыш немесе кескіш қару ретінде қолданатылатын өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, есіктерге арналған темір тескіштер мен бұрғылар, шапқылар, қызмет көрсету пышақтары, аралар бұрағыштар, балғалар; — бұрандылар; — тері астына дәрі беретін және тоқитын инелер; — жүзінің ұзындығы 60 мм асатын қайшылар; — жүзінің ұзындығы 60 мм асатын жиналмалы, бүктемелі жолға арналған пышақтар; — бекініс құрал – саймандар.

16.Білім алушы мектепке ауыстыратын екінші аяқ киім әкелуі тиіс.

17.Мектеп аумағында шылым шегуге тыйым салынады.

18.Мектеп мүлкіне зақым келтірген білім алушы жауапқа тартылып, мектеп мүлкін ата-анасы қалпына келтіруге міндетті.

19.Сабақ уақытында білім алушыға мұғалімдер тарапынан да, ата-аналар тарапынан да бөгет келтіруіне тыйым салынады.

20.Мектепке ата-аналардың ішімдік ішкен жағдайда келуіне, білім алушыларды және мектеп қызметкерлерін балағаттауына тыйым салынады.

21.Ата-ана баласының мектепке келуін қамтамасыз етуге, оқу құралдарымен жабдықтауға, ата-аналар жиналысына үзбей келуге, сабақтан тыс уақытта өмір қауіпсіздігіне жауап беруге міндетті.

22.Ата-ана мектепішілік іс шараларға қатысуға, қоғамдық мектепішілік жұмыстарға белсенділік көрсетуге тиісті.

23.Білім алушыны ата-анасы сабақ уақытында отбасындағы түрлі жұмыстарға пайдалануға тыйым салынады.

24.Білім алушының танымын және шығармашылық қабілетін дамытуда ата-ана тікелей қолдау көрсетуі тиіс

25.Білім алушының оқу-тәрбиесіне мектеп және ата-ана жауапты

26.Мектеп педагогтары, білім алушылар мен олардың ата-аналары мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауға міндетті.

27. Білім алушы мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтамаған жағдайда, ата- анасына хабарланып, ескертіледі. Егер ішкі тәртіп ережелерін орындаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік шара қолданылады (ата-анасына ескертіле отырып, сабаққа кіргізілмейді.)