2023-2024 оқу жылының екінші тоқсанында сабақтағы зерттеу бойынша 7 “Ә”-класында LESSON STUDY ұйымдастырылды. Зерттеу сұрақтары: Оқытудағы әдіс-тәсілдер мен стратегиялар тарих, физика, алгебра пәндерінде зейінді шоғырландыруға қалай әсер етеді? Осы сұрақтар аясында пән мұғалімдерімен біріге отырып, зерттеу жүргізу жоспарланды. Пән мұғалімдері мен бақылаушылар белгіленіп, жоспар құрылды. Тақырыпты зерттеуге 7 “Ә”-сынып оқушыларының сабақ барысында тақырыпты толық түсінбеуі, өз ойын қажетті деңгейде жеткізе алмауы және тапсырманы орындау кезінде зейіннің бір бағытқа бағытталмауы /шоғырланбауы/ себеп болды. Әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Оқушының зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса, олардың сабақ үлгерімі жоғарылап, тәртібі жақсарып, жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретіні анық. Сабақты зерттеу мақсаты — оқытудағы әдіс-тәсілдер ретінде «диалогтік оқыту» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа ала отырып, оқушылардың белгілі бір мақсатта жұмыс істей алуы үшін зейінін шоғырландыру. Аталған мақсат аясында алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
1. Зейінге сыртқы фактордың маңызын ескере отырып, класта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
2. Берілетін тапсырмалардың түсінікті, анық, нақты болуы;
3. Сабақтың мақсаты айтылып, оқушы өзінің міндетін түсініп, күтілетін нәтижені білуі;
4. Оқыту барысында зейінді шоғырландыруға көмек беретін түрлі әдіс-тәсілдер мен стратегияларды қолдану;
5. С оқушының оқуға деген құлшынысын арттыру;
6. В оқушының бойындағы потенциалын ашу;
7. А оқушының жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту.