
АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Тарих және жаратылыстану пәндері бірлестігі/Мектебімізде бүгінгі күн талаптарына сай толық жабдықталған жаңа химия кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Оқу кабинетін мектебіміздің директоры И.Амитжанова және ардагер ұстаз Қ.Сүлейменова ашып, білім алушылар мен мұғалімдерге сәттілік тіледі. Сабақтардың сапалы өтуіне мүмкіншілік жасайтын оқу кабинетінде зертханалық жұмыстарды жасауға арналған құрал-жабдықтар, арнайы 3D бағдарламасымен қамтылған электронды тақта пайдалануға берілді. Сондай-ақ, білім алушылардың өздері көпшілікті кабинеттегі басқа да жаңа құрал-жабдықтардың қолданылу жолдарымен таныстырды.