Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Тарих және жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығының аясында 30 қараша күні ТЕДх форматында “Менің болашақтағы мамандағым” тақырыбымен мектеп түлектері арасында кластан тыс шара ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері: Абдыкаликова Г.Ш Мұқанбетсадыков Е.Қ. Мақсаты: ТЕДх форматын қолданып, оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, пікірін ашық жеткізе білуге, өмір бойы оқуға баулу, әлеуметтік белсенділік, ашықтық, қарапайымдылық, көшбасшылық сияқты құндылықтарға тәрбиелеу. Мектебімізде жүргізіліп жатқан ТДМ-ның «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағытымен ұштастыру. Шара барысында оқушылар ТЕД және ТЕДх-тің айырмашылықтарын, Кэмерон Рассел, Мэри Роуч, Сьюзен Кейн секілді ТЕD-тің әлемге әйгілі спикерлерімен танысып, өздерінің мамандықтарын таңдау себептерін, маңыздылығын, оң және теріс жақтарын ажыратып, көрермен көңілінен шыға білді.