Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 

28 қараша күні география пәнінен 11б класында “Қоршаған ортаның сапасы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Абдыкаликова Газима Шораевна. Мақсаты: дүниежүзі елдерін қоршаған ортаның сапасы бойынша жіктеу барысында халық саны маңызды геоэкологиялық фактор екенін айқындау. Сабақ барысында психологиялық ахуал орнатылды, “Бұл не?” сауалымен тақырып ашылды. Оқушылар бейнебаян көру арқылы халық санының көбею әсерінен қоршаған ортаға түсетін жүктемені анықтап, талдау жүргізді. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер көрініс тапты. Соның ішінде халық саны басым және төмен елдерді, тығыздық бойынша материктерді графикалық ұсынды. Сол елдердің ауасының ластану индексін анықтап, салдарын анықтады. Сабақта ұлттық мүдде көрініс тапты. “ Бір сөйлем” әдісі арқылы, эколог ғалым Б.Коммонердің “Барлығы барлығымен байланысты” атты экологиялық заңымен рефлексия жасалынды.