Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

25.01.2023ж “Самғау” желілік қауымдастығы жоспарына сай “Сабақта қолданылатын функционалдық тапсырмалар түрлері” тақырыбында өткізілген облыстық семинардың практикалық бөлімінде тарих пәні мұғалімі Б. Сейлханқызы, география пәні мұғалімі А.О.Кенжебаева, биология пәні мұғалімі А.М.Нұрман функционалдық тапсырмаларға арналған кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақтағы ортақ тақырып — “Темір”. Темірдің адамзат тарихының ерте кездегі және бүгінгі күнгі ғылым дамыған замандағы қолданысы, адам ағзасындағы биологиялық рөлі жан-жақты қарастырылып өтті. Оқушылар функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Биология пәні мұғалімі А.А.Омарова “ тұлға құзіреттілігін дамытудағы негізгі танымдық әркеттер” тақырыбында семинарға қатысугы мұғалімдермен коучинг өткізді. Коучинг барысында да функционалдық сауаттылыққа қатысты тақырып қозғалып, күнделікті өмірмен байланыстар жасалды. Семинар рефлексия сәтінде қатысушылардың ой-пікірімен бөлісуімен өз мәресіне жетті