Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

25.01.2023ж “Самғау” желілік қауымдастығы жоспарына сай “Сабақта қолданылатын функционалдық тапсырмалар түрлері” тақырыбында өткізілген облыстық семинар аясында химия-биология пәні мұғалімі Қ.Р.Ермұханбетова 9 “В”-класында химия пәнінен ашық сабақ өткізді. “Күкірт қосылыстары” тақырыбында өткен ашық сабақта өмірмен байланысқа үлкен мән беріліп, оқушыларға функционалдық тапсырмалар ұсынылды. “Ассоциация”, “борттық журнал” сияқты тиімді әдістер қолданылып, “Word wall” қосымшасымен тапсырмалар берілді. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты. Сабақ өз мақсатына жетті.