Бүгін, 21 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.А.Габдешева және И.Е.Елубайдың ұйымдастыруымен мұғалімдерге арналған “Сөз — кие. Сөз — оқ. Сөз — шипа” тақырыбында кластан тыс шара өткізілді. Бұл шара “Кітап time” жобасының негізімен челлендж ретінде ұйымдастырылды. Алғашқы отырыста “Атом әдеттері” кітабын оқу тапсырылды. Жетекшісі Мұханбетсадықов Е. І бөлімінде үй тапсырмасы ретінде сауалнама (опрос) жүргізді. ІІ бөлімде Б.Мұқайдың “Өмірзая” романы талданды. Мақсаты: көркем әдебиетті оқу, сөздік қорыңды молайту, тарихыңды тану, адами құндылықтарға үйрену. Сонымен қатар өмірде болған тарихи тұлғалардың прототипі арқылы елі үшін жасаған ерен еңбектері туралы сөз қозғалды. Қатысқан мұғалімдер челленджді қабыл алды. ІІІ бөлімде “Суреттегі ой” тренингі арқылы ұстаз еңбегінің ерен екені тағы да бір дәлелденді. Белсенділік танытқан мұғалімдерге “Бес арыстың” логотипімен кітап оқығанда пайдалануға қыстырмалар сыйға берілді.