АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Құқықбұзушылықтың алдын-алу жүргізілген жұмыстар--/⚖️ «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» – ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗІ 15.09.2026 жылы мектебімізде Ақтөбе қаласы ПБ ӘТТ инспекторы С.Б. Каби білім алушылармен «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында білім алушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, құқықтық жауапкершілік, өз құқықтары мен міндеттерін білу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, білім алушыларға күнделікті өмірде тәртіп пен жауапкершілікті сақтаудың, заңды құрметтеудің маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан қажетті түсіндірмелер алды. ⚖️ Заңды білу – өз құқығыңды қорғау. Тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті!
