АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/✅Мектебімізде Ақтөбе облысы білім басқармасы, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің қолдауымен аймақаралық “Тандем” жобасы аясында екі мектеп арасындағы меморандум жоспарына сәйкес «Аймақтық ынтымақтастық: тәжірибе, табыс, тандем» тақырыбында аймақтық тәжірибе алмасу семинары өткізілді. ✅Семинар мақсаты: аймақаралық тәжірибе алмасу арқылы оқу- тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық пен құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұстаздардың біліктілігін арттыру. ✅Семинарға Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық білім бөлімі “#33 жалпы білім беретін мектебі” КММ -нің әкімшілігі мен “ZhastarTime” жобасының жас мамандары келді. ✅55 жылдық тарихы бар іргелі білім ордасының озат тәжірибелі ұстаздары мен мектебіміздің “ZhasLive” жастар командасы өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқу- тәрбие процесіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызын талдады.#аймақаралықынтымақтастық @33school.kz @aqtobe_bilim_bolimi @aqtobe_bilim_basqarmasy
