АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Біртұтас тәрбие жүргізілген жұмыстар/🌿 «ОТБАСЫ: ДӘСТҮРДЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА» Ұрпақтар сабақтастығы – отбасы құндылығының негізі Республикалық Отбасы күніне арналған апталықтың ашылуы «Отбасы: дәстүрден қазіргі заманға» тақырыбында салтанатты шара форматында өтті. Іс-шараға облыстық Аналар алқасының мүшелері, Ақсақалдар кеңесі, облыстық медиация кеңнсі, «Даналық» клубының өкілдері, ата-аналар, білім алушылар, сондай-ақ білім, спорт және өнер салаларында жетістікке жеткен балалар мен олардың отбасы мүшелері қатысты. 🤝 Басқосудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаларын дәріптеу арқылы ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру. 💬 Дөңгелек үстел барысында отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі, ұлттық құндылықтардың ұрпақ санасына сіңірілуі және дәстүр мен қазіргі заман арасындағы сабақтастық жайында мазмұнды пікірлер айтылды.Дөңгелек үстелге білім, спорт, шығармашылық өнер жағынан елеулі жетістіктерге жетіп жүрген білім алушыларымыз отбасы мүшелерімен бірге қатысты. 👨👩👧👦 Отбасы – қоғамның берік негізі, ұрпақ тәрбиесінің алтын бесігі. Ал салт-дәстүр мен өнегелі тәрбие Дөңгелек үстел модераторы “Даналық” мектебінің жетекшісі З. Тилешева
