АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/📅 06.02.2026 жылы мектебімізде қазақтың даңқты батыры, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай 10–11 сынып білім алушылары арасында мектепішілік «Жас жауынгер – 2026» саптық жүріс байқауы ұйымдастырылды. 🇰🇿 Байқаудың басты мақсаты – ерлік пен батырлықты дәріптеу, жас ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеру, тәртіпке, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу. 🏅 Сайыс төмендегі кезеңдер бойынша өтті: 🔹 Саптық сайыс 🔹 Автоматты жартылай бөлшектеп жинау 🔹 Дене дайындығы: – ер балалар – турникке тартылу (3 ер бала, 1 минут) – қыз балалар – шалқадан жатып денені көтеру (2 қыз бала, 1 минут) 🔹 Ұзындыққа секіру 🔹 Арқан тартыс ⚖️ Сайысқа әділ төрелік еткен қазылар алқасы – Ауған соғысының ардагерлері Иманқұлов Амангелді, Нышанбаев Айқожа. 🏆 Сайыс қорытындысы бойынша: 🥇 11А класы – Бас жүлде, «Жас жауынгер – 2026» ауыспалы кубогінің иегері 🥈 11Ә класы – І орын 🥉 10А класы – ІІ орын 🏅 10Ә класы – ІІІ орын 👏 Жас жауынгерлер өздерінің ептілігі мен шыдамдылығын, әскери дайындығы мен ұйымшылдығын жоғары деңгейде көрсетті. ✨ Батырлар жолын жалғар, ел қорғаны болар отансүйгіш жас ұрпақ көбейе берсін!
