АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Біртұтас тәрбие жүргізілген жұмыстар/📚 Облыстық “Сыбаға” фестивалі аясында танымдық шара Мектебімізде облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Жеті қазына, жеті ата – ұлт тірегі” тақырыбында танымдық шара өткізілді. Бұл шараға оқушыларымыз өз аталары және әкелерімен бірге қатысып, жеті ата жөнінде құнды мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар жеті қазына туралы түсінік беріліп, ұлттық құндылықтардың мән-маңызы кеңінен ашылды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық болмысын сақтап, ата-бабадан қалған аманатты қадірлеуге тәрбиелейді. 🇰🇿✨
