АМИТЖАНОВА ИНДИРА БАЗАРАЛИЕВНА
Виртуалды қабылдау
Қабылдауға жазылу
«№30 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру/📢 Мектебімізде педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің (ППҚҚ) алғашқы отырысы өтті! ҚР Оқу-ағарту министрінің №92 бұйрығына сәйкес, қызметіміздің жұмыс бағыттары бекітілді. Күн тәртібінде: 1️⃣ Мектептегі ППҚҚ құжаттарын бекіту (қызметті құру туралы бұйрық, жылдық жұмыс жоспары); 2️⃣ ЕББҚ білім алушылардың ПМПК қорытындыларымен танысу және ПМПК қорытындысына сәйкес жеке оқу жоспарларын (ЖОЖ) бекіту; 3️⃣ Жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру алгоритмі айқындалды; 4️⃣ ЕББҚ білім алушыларды диагностикалау және түзету-дамыту бағдарламаларын құрастыру мәселелері талқыланды. 🎯 ППҚҚ-ның басты мақсаттары: ✔️ Сынып ұжымы мен әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін зерттеу; ✔️ Әрбір білім алушының тұлғалық дамуына қолайлы жағдай ұйымдастыру; ✔️ Білім мен біліктілік дағдыларындағы кемшіліктерді жоюдың педагогикалық шаралар жүйесін әзірлеу; ✔️ Әр білім алушыға бейімделген педагогикалық көзқарас қалыптастыру. Қызметіміз заң аясында және әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып жұмыс істейді! Алғашқы қадам жасалды – алда көп жұмыс бар! 💪
